Pular para o conteúdo
Publicidade

Жоханның 2-хаты 1

Арнау және сәлем

1 Құдай таңдаған бәйбіше мен оның балаларына ақсақалдан1:1 Немесе: Қауымға және оның мүшелеріне жетекшіден. (Сенушілер сол заманда қуғын көргендіктен кейде бүркеншік аттар қолданатын: Пет1 5:13; Аян 18:10.) дұғай сәлем! Сендерді шын жүректен жақсы көремін. Бұл жөнінде мен жалғыз емеспін, шындықты білетіндердің бәрі де сендерді жақсы көреді. 2 Өйткені шындық өзімізде қазір бар және мәңгі бола береді. 3 Құдай Әке мен Оның рухани Ұлы Иса Мәсіх рақымын, мейірімін және тыныштығын, сонымен қатар шындық пен сүйіспеншілігін бәрімізге сыйлай бермек.1:3 Немесе: сендерге сыйлай берсін.

Шындық пен сүйіспеншілік

4 Балаларыңның1:4 Немесе: Қауым мүшелерінің. арасынан шындық жолымен жүрген бірнешеуін көргеніме қатты қуандым: Құдай Әке бізге солай өмір сүруге өсиет етті. 5 Сондықтан, бәйбіше, мынаны өтінемін: бәріміз бір-бірімізді жақсы көрейік. Мұны жаңа өсиет ретінде жазып отырған жоқпын, бұл өсиет бізде бастапқыдан бар.

6 Ал осы сүйіспеншілік Оның өсиеттері бойынша жүруімізде. «Сүйіспеншілікке сай әрекет ету керек» деген бұл өсиетті бастапқыдан бері естіп келесіңдер.1:6 Жох 13:34-35; 15:12; Жох1 3:11; 4:7,11.

Мәсіхке адал болу

7 Дүниеге көптеген азғырушылар келе жатыр. Олар Иса Мәсіхтің жер бетіне адам бейнесінде келгенін мойындамайды. Азғырушыларды және Мәсіхке қарсы шығушыларды осыдан білуге болады. 8 Еңбекпен қол жеткізгендеріңді жоғалтпай, Иемізден толық сыйларыңды алу үшін1:8 Мат 10:40-42; Лұқ 18:29-30; 19:16-19; Қор1 1:8,12-14; Евр 10:35. байқап жүріңдер! 9 Мәсіхтің ілімімен жүрмей, одан шығып кеткен адамның Құдаймен қатынасы жоқ. Ал Оның ілімімен жүргендер көктегі Әкемен де, Оның рухани Ұлымен де тығыз байланыста болады. 10 Сондықтан да біреу келіп, осы ілімге қарсы бір нәрсе үйретсе, ондайды үйлеріңе кіргізбеңдер, тіпті сәлемін де алмаңдар!1:10 Рим 16:17; Сал2 3:6,14; Тит 3:10.11 Себебі біреудің сәлемін алған адам соның жамандық істеріне ортақ болады.

Қоштасу

12 Сендерге әлі көп нәрсе айтар едім, бірақ оны жазбаша жасағым келмейді. Өзім келіп, ауызба-ауыз сөйлессек деп ойлаймын, сонда зор қуанышқа кенелеміз.

13 Құдай таңдаған бауырласыңның балалары1:13 Немесе: Құдай тағайындаған әпкеңнің (сіңліңнің) балалары. Яки: Ағайындас қауымның мүшелері. (Бұл Жоханның өзі жетекші болған қауым шығар.) дұғай сәлем жолдайды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

2 João
Ver todos os capítulos de 2 João