Тімотенің сенімі үшін шүкірлік
3 Ата-бабаларым қызмет еткен Құдайға мен де таза ар-ұжданыммен қызмет етемін. Оған сен үшін күні-түні шүкірлік етіп, дұғаларымнан өзіңді ешқашан тастамаймын. 4 (Қоштасқандағы) көз жасыңды есіме түсіріп, сені қайтадан көріп қуанышқа кенелуді қатты аңсаймын. 5 Шынайы сенімің есімде. Ол алдымен әжең Лойда мен анаң Әуникенің жүректерінен орын алған еді. Оның сенің жүрегіңнен де орын алғанына көзім жетті.