Құдайдың күшіне сүйеніп, міндетіңді ынтамен орында!
6 Сол себепті саған ескертемін: мен үстіңе қолымды қойып сиынғанымда Құдай рақым етіп, өзіңе берген дарынды көбірек ынтамен қолдан!1:6 Яки: үстіңе қолымды қойып сиынғанымның арқасында Құдай өзіңе сыйлаған рухани дарынды көбірек «лаулат» (Елш 6:6; 14:23; Тім1 4:14).7 Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады.