Мәсіх Исаның «адал сарбазы»
1 Ал сен, балам менің, Мәсіх Исаның сыйлайтын рақымымен күшейе бер. 2 Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді2:2 Немесе: көптеген куәгерлердің алдында менен естігендеріңді. басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта!
3 Иса Мәсіхтің «адал сарбазы» ретінде азаптарды бірге көр! 4 Есіңде болсын: ешбір сарбаз тұрмыстық істермен шырмалмайды, қайта, қолбасшысының көңілінен шығуға ұмтылады. 5 Сондай-ақ, балуан күрес тәртібін бұзса, жүлдені жеңіп ала алмайды.2:5 Яғни Иса Мәсіх беретін сыйға ие болу үшін Оның өсиеттеріне мойынсұнуға жаттығу керек (Қор1 9:25-27; Пет1 5:4).6 Жиналған өнімнен үлесін ең алдымен жан сала еңбектенген диқан алуға тиіс.2:6 Яғни Иса Мәсіхке қажырлы қызмет етсең, еңбегіңнің (рухани) өнімінің рақатын көресің (Мат 6:20-21; Тім1 5:17-18; Қор1 9:7-11).7 Айтқандарым туралы ойлана бер, сонда Құдай саған бәріне түсінік береді.
8 Дәуіттің ұрпағынан шыққан, өлімнен қайта тірілген Иеміз Иса Мәсіхті әрдайым есіңде ұста! Мен уағыздаған Ізгі хабар — осы. 9 Соған бола азап шегіп, қылмыскердей бұғауланудамын. Алайда Құдайдың сөзі бұғаулы емес!2:9 Яғни Құдайдың Ізгі хабарының таралуын тоқтатып тастау мүмкін емес (4:2,17; Евр 4:12; Еф 6:19-20; Сал1 2:13; Сал2 3:1).10 Сондықтан мен Құдайдың таңдаған адамдары үшін, олардың да Иса Мәсіх арқылы құтқарылып, мәңгілік ұлылықты иемденулері үшін бәріне де төземін. 11 Мынау — дәл айтылған, шынайы сөз:
«Егер Мәсіхпен бірге өлген болсақ,2:11 Яғни егер Мәсіхпен тығыз байланысып, күнәлі іс-әрекетімізді доғарсақ (Рим. 6:1-14).
Онымен бірге өмір сүретін де боламыз.
12 Егер қиыншылықтарға төзе берсек,
Онымен бірге патшалық ететін де боламыз.
Ал егер Мәсіхті мойындаудан бас тартсақ,
Ол да бізді мойындаудан бас тартпақ2:12 Лұқ 9:23-26..
13 Біз айтқанымызға адал болмасақ,
Ол айтқанына адал болып қала береді,2:13 Рим 3:3-4.
Өз болмысымен келіспейтінді Ол істемейді».
Құдайдың құптаған қызметшісі болып, қауымдағы мәнсіз айтыстарды тоқтат!
14 Осыларды бәрінің есіне түсіріп, сөздер туралы айтыспасын2:14 2:16-18,23; Тім1 1:4; 6:4; Тит 3:9; Қор1 15:12-19. деп Құдай алдында мықтап ескерт. Ондай айтыстардан ешқандай пайда жоқ. Қайта, олар тыңдағандардың сенімдеріне зор нұқсан келтіреді. 15 Сен кінәратсыз жұмысшы2:15 Яки: Сен ұятқа қалмайтын қызметкер (1:8). — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл! 16 Жай, бос әңгімелерден аулақ жүр. Бұларды айтатындар Құдайдың адал жолынан одан бетер адасып кетеді. 17 Олардың сөздері қабынған жарадай жайыла беріп, рухани денені құртпақ. Солардың арасында Үменей мен Філет те бар. 18 Олар шындық жолынан тайып, «Қайта тірілу болып кетті», — деп жариялап, кейбіреулердің сенімдерін жоюда. 19 Бірақ Құдайдың салған негізі2:19 Яғни Құдайдың шынайы хабары және сенушілер қауымы. берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі»2:19 Рул 16:5; Жох 10:14,27-29; 13:18. және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
20 Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада.2:20 Немесе: соңғылар күнделікті қолданысқа арналған. (Сол сияқты, қауымның көптеген мүшелері игі істерімен Құдайды құрметтесе, басқалары жамандықтарымен Оның даңқы мен ісіне нұқсан келтіреді.) 21 Сол себепті, кім өзін соңғылардан арылтып таза ұстаса, қадірлі ыдыстар іспетті Қожайынына бағышталған, пайдалы және әрбір ізгі істер үшін қолданылуға дайын болады.
22 Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартып, пәк жүрекпен Иемізге сиынатындардың бәрімен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік және татулыққа ұмтыл. 23 Ақылсыз, мәнсіз айтыстардан аулақ бол, олардың дау-жанжал туғызатынын білесің ғой. 24 Жаратқан Иенің қызметшісінің жанжалдасуына болмайды. Ол бәріне бірдей жылы жүзді, жақсылап тәлім беретін, сабырлы болып, 25 қарсыластарын ілтипаттылықпен түзету қажет. Мүмкін болса,2:25 Яғни егер сол кісілер Құдайдың айтқанына мойынсұнса. Құдай оларды өкіндіріп, шындықты мойындатар. 26 Осылайша олар ақылға келіп, өзінің еркіне бағындыру үшін ұстап алған шайтанның тұзағынан босап, құтыла алмақ.