Қара ниеттілерден аулақ жүр!
1 Есіңде болсын, соңғы дәуірде3:1 Яки: осы заманның аяғында. қиын-қыстау күндер туады. 2 Адамдар өзімшіл, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, өсекшіл болып, ата-аналарына бағынбайды. Олар алғысты білмей, қасиеттіні танымай, ешкімді сүймей, 3 ымыраға келмейді. Адамдар, сондай-ақ, жалақор, ұстамсыз, қатыгез болып,3:3 Немесе: ұрысқақ. жақсылықты жек көреді. 4 Опасыз сатқын, ақылсыз қызба, кеуде көтерген олар Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көреді. 5 Олар сырт көзге Құдайға ұнайтындай болып көрінгенмен, Оның күшінен бас тартады.3:5 Яки: Оларда Құдайға ұнамды өмірдің сыртқы қалпы болғанмен, Оның күшін еш қабылдамағандары өмірлерінен көрініп тұр.
Мұндай адамдардан аулақ жүр! 6 Олардың кейбіреулері кісілердің үйлеріне қулықпен кіріп, түйсіксіз әйелдерді еліктіріп, құлдыққа түсіреді. Сондайлар күнәға белшесінен батып, түрлі құмарлықтардың жетегінде жүреді. 7 Олар әрдайым тәлім алуға ұмтылғанмен, ешқашан шындықты білуге қол жеткізбейді. 8 Янни мен Ямбыридың3:8 Құдай халқының Мысырдан көшіп шығуынан бұрын оларға қарсы тұрған мысырлық сиқыршылардың екеуі (Мыс 7:11). Мұса пайғамбарға қарсы күрескені сияқты, мұндай азғырушылар да шынайы ілімге қарсы шығады. Бұлардың ақылдары бүлінген, сенімдері түкке тұрғысыз, жалған. 9 Бірақ та олар алысқа бара алмайды, өйткені олардың ақылсыздығы бәріне айқын болады. Кезінде Янни және Ямбыримен де солай болған.
Көз жеткізген шынайы ілімді уағыздай бер!
10 Ал сен маған еріп, менің ілімімді, жүріс-тұрысым мен өмірлік мақсатымды үлгі тұтып келесің. Сенімім, төзімділігім және сүйіспеншілігімді, 11 әрі қуғындалып, азап шеккен кездерімде көрсеткен табандылығымды өз көзіңмен көрдің. Антақия, Қония және Лүстрада маған қандай жағдайлардың болғанының бәрін, сол қалаларда қандай қудалауды басымнан кешкенімді білесің.3:11 Елш 13:14,50-51; 14:1-6; Қор2 11:23-27. Ал Иеміз мені солардың бәрінен де құтқарды. 12 Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады. 13 Қараниеттілер мен алаяқтар бұрынғыдан бетер жамандық жасап, өздері де алданып, өзгелерді де алдай бермек.
14 Ал сен үйреніп, берік сенгендеріңе адал болып қала бер! Өйткені өзіңнің кімдерден тәлім алғаныңды білесің. 15 Сонымен бірге балалық шағыңнан-ақ Киелі жазбалармен таныссың. Олар сені парасатты етіп, Мәсіх Исаға деген сенімің арқылы құтқарылуға бастап әкеледі. 16 Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен3:16 Немесе: дарытуымен (Пет2 1:20-21). жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. 17 Осылай Құдайдың адамы3:17 Яки: Құдайға қызмет ететін адам (Тім1 6:11). барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.