Ақырзаман алдында құдайсыз көсемнің пайда болуы
1 Бауырластар, Иеміз Иса Мәсіхтің қайтып келуі мен біздің Оның қасына жиналуымызға байланысты сендерден мынаны өтінеміз: 2 кейбіреулер «Иеміз Мәсіхтің келетін күні болып қалған екен» деген лақапты таратса, сендер бірден абыржып, қорқып қалмаңдар! Олар осы жайлы аян көрдік, не (Құдайдан) хабар2:2 Яки: не (пайғамбарлық) сөз; немесе: не (біз айтқан) сөз. жетті, не бізден хат алдық десе де, бәрібір иланбаңдар! 3 Ешкім сендерді амалын тауып алдап кетпесін. Себебі Иеміз келер алдында адамдар Құдайдан бас тартып, опасыздық жасайды, әрі әділетсіздіктің қолдаушысы, кейін мүлдем құритын кісі2:3 Яки: құрып кетуге (яғни тозаққа түсуге) тиісті адам (Жох 17:12). пайда болады. 4 Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін бар нәрсеге қарсы тұрып, өзін олардан жоғары қояды, тіпті Құдайдың киелі үйінде отырып алып, өзін «құдаймын» деп жариялайды.