Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 16

Пауыл мен Сыйластың тұтқындалуы, түрме бастығының Иемізге бет бұруы

16 Бір жолы біз мінажат етуге бара жатқанда, сәуегейлік жасайтын жыны бар16:16 Алла Тағала сәуегейлікпен және сиқыршылықпен айналысуға қатаң тыйым салған (Леу 19:26; Заң 18:10-14). бір малай қыз бізге кез болды. Сол қыз өзінің арам көріпкелдігімен қожайындарына көп кіріс түсіреді екен. 17 Қыз Пауыл мен бізден қалмай: «Мына кісілер — Құдай Тағаланың16:17 7:48; Мар 5:7. құлдары, олар сендерге құтқарылу жолын уағыздайды!» — деп айқайлап жүрді. 18 Ол бірнеше күн осылай етті. Ақырында Пауыл ашуланып, артына бұрылып, жынға: «Иса Мәсіхтің атынан саған бұйырамын: шық оның бойынан!» — деді. Сол сәтте-ақ жын қыздан шығып кетті.

19 Ал қыздың қожайындары өздерінің пайда көзінен айырылғанын көргенде, Пауыл мен Сыйласты ұстап алып, базар алаңындағы қала әкімшілігіне сүйреп апарды. 20 Екеуін римдік басшыларға алып келіп: «Мыналар — яһудилер, қалаға іріткі салып жүр! 21 Олар уағыздап жүрген дәстүрлерді бізге, Рим азаматтарына, қабылдап, орындауға болмайды», — деді.

22 Жиналған топ та екі елшіге қарсы шықты. Римдік басшылар олардың киімдерін үстерінен жұлып алғызып, таяқпен дүре соғуға бұйырды. 23 Оларды қатты сабап болған соң, түрмеге тастап, бастығына16:23 Яки: түрменің бас қарауылын.: «Бұларды жақсылап күзет!» — деп әмір етті. 24 Осындай бұйрық алған түрме бастығы екеуін ішкі зынданға тастап, аяқтарын ағаш қысқыштармен бұғаулап қойды.

25 Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас Құдайға сиынып, Оны ән-жыр айтып дәріптеп мадақтады. Басқа тұтқындар мұны тыңдап жатты. 26 Кенеттен жер қатты сілкініп, түрменің іргесі шайқалып кетті. Сол сәтте барлық есіктер ашылып, бүкіл тұтқындардың аяқтарындағы шынжырлары шешіліп түсіп қалды. 27 Түрме бастығы ұйқысынан оянып, есіктердің ашық екенін көргенде, семсерін суырып алып, өзін өлтірмекші болды. Себебі ол тұтқындардың бәрі қашып кетті деп ойлады.16:27 16:23; 12:19.28 Бірақ Пауыл:

— Өзіңе залал келтірме! Бәріміз осындамыз! — деп айқайлап жіберді. 29 Бастық шам жағуға бұйырып, ішке қарай тұра жүгірді де, қалшылдап-дірілдеп Пауыл мен Сыйластың аяғына жығылды. 30 Екеуін сыртқа шығарып:

— Мырзалар, (Құдайдың қаһарынан) құтқарылуым үшін не істеуім керек? — деп сұрады. Олар:

31 — Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй ішің де құтқарыласыңдар! — деді де, 32 оған және үйіндегілерге Иеміздің Ізгі хабарын айтып берді. 33 Түрме бастығы оларды түннің сол сағатында-ақ өз үйіне апарып, жараларын жуды. Өзі де, бүкіл отбасы да Иеміздің жолына түсіп, дереу шомылдыру рәсімінен өтті. 34 Екі елшіні қонақ бөлмесіне кіргізіп, дастарқан жасап, барлық үй ішімен бірге Құдайға сенгендеріне қатты қуанды.

35 Таң атқанда қаланың басшылары: «Әлгі адамдар босатылсын!» — деген бұйрықпен сақшыларды түрмеге жіберді. 36 Түрменің бастығы Пауылға мұны білдіріп:

— Қаланың басшылары сендерді босатсын деген хабар жіберді. Сондықтан енді шығып, амандықпен кетіңдер! — деді. 37 Ал Пауыл сақшыларға бұрылып:

— Римдік азаматтар болсақ та, олар бізді бүкіл ел алдында үкімсіз сабап, түрмеге жапты.16:37 Бұл римдік заңдарға қайшы болатын (22:25-29). Енді бізді жасырын қуып жібергілері келе ме? Жоқ, болмайды! Бізді өздері келіп, шығарсын! — деді.

38 Сақшылар бұл туралы қаланың басшыларына айтып берді. Пауыл мен Сыйластың римдік азаматтар екенін естігенде, әкімшілердің зәрелері ұшып, 39 түрмеге өздері келді. Олар екеуінен кешірім сұрап, түрмеден алып шығып, қаладан кетулерін өтінді. 40 Ал Пауыл мен Сыйлас босап шыққан соң алдымен Лүдияның үйіне барды. Сонда сенуші бауырластарымен кездесіп, оларды жігерлендірді. Бұдан кейін екеуі жолға шықты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também