Қорынттағы қауымның пайда болуы
1 Бұдан кейін Пауыл Афиныдан шығып, Қорынт18:1 Яғни Коринф. (Грекиядағы кемежайы бар ірі қала: 19:1; Қор1 1:2.) қаласына бет алды. 2 Сол жерде ол Ақила есімді понттық18:2 Понт: Түркиядағы Қара теңіз жағасында орналасқан ежелгі аймақ (2:9). яһудиге тап болды. Ол әйелі Прискиламен жақында Италиядан келген екен. Себебі Клауди патша барлық яһудилердің Рим қаласынан кетуін бұйырған еді.18:2 Бұл б.з. 49 ж. болған жайт. Клауди: яки Клавдий (11:28). Пауыл ерлі-зайыпты екеуімен кездесуге барды. 3 Олар әріптес болғандықтан, бірге тұрып, бірге жұмыс істеді. Ортақ кәсіптері шатыр жасау еді.