Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 2

Киелі Рухтың сенушілерге қонуы

1 Алғашқы өнім мейрамы2:1 Яки: Елуінші күн мейрамы. (Оны Исраил халқы Құтқарылу мейрамынан елу күннен кейін егін орағының басында тойлап, Жаратқан Иенің берген өнімі үшін ризашылығын білдіретін: 20:16; Мыс 23:16; 34:22; Леу 23:15-16; Рул 28:26.) келгенде, сенушілердің бәрі бірге болды. 2 Сонда кенеттен көктен бір қатты жел соққандай2:2 Езк 37:9,14; Жох 3:8. шу естіліп, олар отырған бүкіл үйді2:2 Көптеген халық жинала алған осы үй ғибадатханадағы бір ғимарат болған шығар (2:6-11,14,41,46; 3:11). алып кетті. 3 Сенушілерге жалындай жалаңдаған тілдер көрінді де, бөлініп-бөлініп әрқайсысының үстіне бір-бірден қонды. 4 Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Оның өздеріне берген дарынына қарай бөтен тілдерде сөйлей бастады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também