Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 2

Елші Петірдің жиналған көпшілікке Ізгі хабарды жеткізуі

14 Сонда Петір өзге он бір елшімен бірге орнынан тұрып, қатты дауыспен халыққа былай деп сөйлеп кетті:

— Уа, халайық, яһудилер және Иерусалимде тұрып жатқан сендердің барлығың! Сендерге мұның мәнісін түсіндірейін, сөзіме құлақ түріңдер!

15 Бұлар сендер ойлағандай ішіп алған емес, қазір уақыт таңертеңгі тоғыз ғой. 16 Қайта, ежелде Жоел пайғамбар айтқан мына тәрізді сөздер енді орындалып жатыр: 17 Осы заманның аяғында Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын, — дейді Құдай. — Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады,2:17 Яки: олар да Менің хабарымды жеткізеді (21:9-11; Түсіндірмені де қараңыз). жас жігіттерің аян, қарттарың түс көреді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também