Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 2

Елші Петірдің жиналған көпшілікке Ізгі хабарды жеткізуі

14 Сонда Петір өзге он бір елшімен бірге орнынан тұрып, қатты дауыспен халыққа былай деп сөйлеп кетті:

— Уа, халайық, яһудилер және Иерусалимде тұрып жатқан сендердің барлығың! Сендерге мұның мәнісін түсіндірейін, сөзіме құлақ түріңдер!

15 Бұлар сендер ойлағандай ішіп алған емес, қазір уақыт таңертеңгі тоғыз ғой. 16 Қайта, ежелде Жоел пайғамбар айтқан мына тәрізді сөздер енді орындалып жатыр: 17 Осы заманның аяғында Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын, — дейді Құдай. — Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады,2:17 Яки: олар да Менің хабарымды жеткізеді (21:9-11; Түсіндірмені де қараңыз). жас жігіттерің аян, қарттарың түс көреді. 18 Сол күндері Мен тіпті құл-күңдерімнің үстіне Киелі Рухымды төгемін. Сонда олар да пайғамбарлық сөз айтады. 19 Мен аспанның биігінде кереметтер жасаймын әрі төменде, жер бетінде, ғажап істер істеймін: қан, от және бұрқыраған түтін пайда болады.2:19 Түсіндірмедегі «Кереметті» қараңыз.20 Жаратқан Иенің ұлы да салтанатты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. 21 Ал Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады.2:21 Яки: Жаратқан Иеге сиына жалбарынған әркім құтқарылады (9:14; Жое 2:28-32; Иш 44:3; 2:12; 13:9-10; 34:4).

22 Уа, исраилдіктер, мына сөзді тыңдаңдар: Құдай сендердің көз алдарыңда назареттік Исаға зор құдіретпен кереметтер жасатқан еді. Ол солар арқылы Өзінің Исаны жібергендігіне куәлік берді. Құдай бұларды Иса арқылы араларыңда істеді, соны өздерің білесіңдер. 23 Ал Иса Құдайдың еркімен және алдын ала білуімен құрбан етілді: сендер Оны Құдайға мойынсұнбаған шетелдіктердің қолымен айқышқа шегелетіп өлтірттіңдер! 24 Бірақ Құдай Исаны өлім тұзағынан2:24 Немесе: өлім азабынан. босатып, тірілтіп алды. Өйткені Оның өлім құрсауында қалуы мүмкін емес болатын. 25 Дәуіт пайғамбар Ол туралы былай деген:

«Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,

Оң жағымда Ол Маған жар боп келеді:

Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде.

26 Содан жүрегім шаттыққа толады,

Мәз-мейрам боп тілімнен бал тамады,

Саған сенгенімнен тәнім тыншиды.

27 Сен жанымды о дүниеге қимайсың,

Қасиетті Адамыңның тәнін шірітпейсің.

28 Шын өмір жолын Маған көрсетесің,

Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің».2:28 Жыр 15:8-11.

29 Ағайындар, мен сендерге бабамыз Дәуіт туралы еш қаймықпай ашық айта аламын: ол дүние салып, мәйіті қабірге қойылды. Оның қабірі біздің елімізде күні бүгінге дейін сақталып келеді. 30 Ал Дәуіт пайғамбар болды және оның тағына бір Ұрпағын отырғызуға Құдайдың өзіне ант еткенін білді.2:30 Жыр 131:11; Пат3 9:5; Шеж2 7:18.31 Сондықтан Дәуіт келешекке көз жіберіп, (өз Ұрпағы) Мәсіхтің қайта тірілуі туралы алдын ала айтқан болатын: Мәсіхтің жаны о дүниеге қиылмады, әрі Оның тәні шіріп кетпеді!2:31 Жыр 15:10; Лұқ 24:5-6,30-31,36-40.32 Осы Исаны Құдай қайта тірілтіп алды, біз бәріміз соған куәміз!

33 Иса Құдайдың құдіретімен көкке көтеріліп, Әкеден уәделі Киелі Рухты алған соң, Оны біздің үстімізге құйып сыйлады. Мұны өздерің естіп және көріп тұрсыңдар. 34 Себебі Дәуіттің өзі көкке көтеріліп кеткен жоқ. Алайда ол (Забурда) былай деген ғой: 35 «Жаратқан Ие менің Иеме былай деп айтқан: Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда».2:35 Жыр 109:1; Мат 22:44; Мар 12:36; Лұқ 20:42-43.

36 Сондықтан бүкіл Исраил халқы мынаны анық білсін: Құдай сендер айқышқа шегелеткен осы Исаны «Иеміз» және «Мәсіх»2:36 Яки: «Жаратқан Ие» және «Құтқарушы Патша» (Флп 2:9-11; Түсіндірмені де қараңыз). етіп тағайындады!

37 Халық мұны естігенде жүректері қарс айырылып, опық жеді. Олар Петір мен басқа елшілерден:

— Ағайындар-ау, біз енді не істеуіміз керек? — деп сұрады. 38 Петір оларға былай деп жауап берді:

— Әрқайсың күнәларыңның кешірілуі үшін теріс жолдан қайтып, Иса Мәсіхтің атымен2:38 Яғни Иса Мәсіхке бағышталып, Оның жолын қуушы шәкірті ретінде (Мат 28:19; Түсіндірмедегі «Шомылдыру рәсімін» де қараңыз). шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда сендер Құдайдың сыйын — Оның Киелі Рухын қабылдайсыңдар. 39 Себебі бұл уәде сендерге, балаларыңа және алыстағылардың бәріне: Құдайымыз — Жаратқан Ие шақыратын барлығына да арналған. — 40 Петір тағы көптеген сөздермен оларға: — Мына азғын ұрпақтың арасынан шығып, (Құдайдың қаһарынан) құтқарылыңдар! — деп жалына ескертті.

41 Петірдің сөзін қабылдағандар шомылдыру рәсімінен өтті. Осылайша бұл күні қауымға үш мыңдай адам қосылды.2:41 1:15; 2:47; Мат 16:18; Еф 2:20.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também