Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 2

17 Осы заманның аяғында Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын, — дейді Құдай. — Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады,2:17 Яки: олар да Менің хабарымды жеткізеді (21:9-11; Түсіндірмені де қараңыз). жас жігіттерің аян, қарттарың түс көреді. 18 Сол күндері Мен тіпті құл-күңдерімнің үстіне Киелі Рухымды төгемін. Сонда олар да пайғамбарлық сөз айтады. 19 Мен аспанның биігінде кереметтер жасаймын әрі төменде, жер бетінде, ғажап істер істеймін: қан, от және бұрқыраған түтін пайда болады.2:19 Түсіндірмедегі «Кереметті» қараңыз.20 Жаратқан Иенің ұлы да салтанатты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. 21 Ал Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады.2:21 Яки: Жаратқан Иеге сиына жалбарынған әркім құтқарылады (9:14; Жое 2:28-32; Иш 44:3; 2:12; 13:9-10; 34:4).

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também