44 Мәсіхке сенушілердің барлығы біртұтас қауым болып, заттарын ортақ ұстады; 45 иеліктеріндегі жер танаптары мен дүние-мүліктерін сатып, содан түскен қаржыдан әркімге керегінше беріп отырды. 46 Олар күн сайын ғибадатханада ниеттес көңілмен бірге болды; сонымен қатар өз үйлерінде де бас қосып, нан үзу рәсімін2:46 2:42. орындап, ақпейілмен қуана бірге тамақ ішіп отырды, 47 әрі Құдайды мадақтап дәріптеді. Бүкіл халық оларды ұнатты, ал Иеміз күн сайын тағы басқа адамдарды құтқарып, қауымына қосып отырды.
Publicidade