11 Иса — құрылысшылар, яғни сіздер, менсінбей бас тартқан Тас.4:11 Яки: керегі жоқ деп бас тартқан Тас (Жыр 117:22; Лұқ 20:17-19). Ол «енді үйдің басты іргетасына айналды!»
12 Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған!4:12 Яки: Құдай адамдарға құтқарылулары үшін аспан астындағы басқа ешкімнің атын белгілемеген (10:42-43; Мат 1:21; 16:15-16; Жох 14:6; Тит 2:5-6).