Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 8

18 Шимон елшілердің алақан тигізуі арқылы адамдарға Киелі Рух берілгенін байқағанда оларға ақша ұсынып:

19 — Маған да осындай билік беріңдерші, үстіне қолымды қойған әркім Киелі Рухты қабылдап жүрсін, — деді. 20 Петір оған былай деп жауап берді:

— Құдайдың беретін дарынын8:20 Яки: Құдайдың сыйын (2:38). ақшаға сатып аламын дегенің үшін, ақшаң өзіңмен бірге құрысын. 21 Осы қызметті атқаруға сенің қақың жоқ,8:21 Немесе: осы іске сенің қатысың мен үлесің жоқ (Еф 5:5). себебі Құдайдың алдында жүрегің таза емес. 22 Сондықтан осы жаман қылығыңа өкініп, Құдай Иеге сиынып жалбарын! Мүмкін, Ол жүрегіңдегі қара ниетіңді кешірер. 23 Жаман қызғаныш пен әділетсіздікпен шырмалғандығыңды8:23 Немесе: Сенің ащы өтке толы әрі әділетсіздіктің құлы екеніңді. байқап тұрмын. — 24 Ал Шимон олардан:

— Айтқандарыңның бірі де басыма келмесін деп сендер мен үшін Құдай Иеге жалына көріңдерші! — деп өтінді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também