Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 9

36 Иоппе9:36 Иоппе (яки Яффа): Жерорта теңізінің жағасындағы кеме тоқтайтын қала (Жүн 1:3). қаласында Мәсіхтің жолын қуушы Табита есімді бір әйел тұратын. Табита «Елік» деп аударылады. Ол кәріп-қасерлерге көмектесіп, көптеген игі істер жасайтын. 37 Сол күндері Табита ауырып, қайтыс болды. Оның мәйітін арулап қабірге қоюға дайындап жоғарғы бөлмеге апарып қойды. 38 Мәсіхтің жолын қуушылар Петірдің Иоппеге жақын жердегі Лүддада екенін біліп, оған: «Тезірек бізге келіңізші!» — деген өтінішпен екі жігітті жіберді. 39 Петір оларға ілесіп жолға шықты. Иоппеге келген соң, оны жоғарғы бөлмеге алып барды. Сол бөлменің ішінде қайғырып жүрген жесірлер оны ортаға алып, марқұмның тірі кезінде тігіп беріп кеткен шапандары мен көйлектерін көрсетіп жылаумен болды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também