Құдай жек көретін іс-әрекеттен бас тарту
1 Сендер Құдайларың Жаратқан Иенің рухани балаларысыңдар.14:1 Мыс 4:22; Ерм 3:19; Ош 2:1. Сондықтан өлгендерді жоқтағанда денелеріңнің терісіне жарақат салмаңдар, кекілдеріңді алмаңдар!14:1 Жалған тәңірлерге табынатын қанахандықтар өлгендерді жоқтағанда немесе жалған тәңірлеріне мінажат еткенде солай істейтін (Леу 19:27-28; 21:5; Пат3 18:28).2 Себебі сендер Құдай Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен Жаратқан Ие сендерді Өзінің ерекше құнды меншігі болуға таңдап алды.14:2 7:6.