Pular para o conteúdo
Publicidade

Заңды қайталау 32

16 Халық бөгде тәңірлерге табынды,

Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,32:16 Яки: Жаратқанның қызғанышын қоздырды (31:17; Мыс 20:5).

Жексұрын пұттармен32:16 Яки: Жексұрын тәңірсымақтармен, жалған тәңірлердің мүсіндерімен (7:25; Жыр 77:58). қаһарландырды,

17 Құдай емес жын-періге құрбан шалды,

Оларды бұрын еш біліп-танымады,

Солар жаңа ғана елімізде пайда болды,

Ата-бабалары олардан қорықпады.

18 Өзіңе өмір берген «Жартасты»32:18 Яки: жартастай Қорғандай әрі Қорғаушыңды (32:4). тастадың,

Өзіңді жаратқан Құдайды ұмыттың!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também