Pular para o conteúdo
Publicidade

Ефестікт. хат 1

Арнау және сәлем

1 Құдайдың еркімен Иса Мәсіхтің елшісі болған Пауылдан Оның (Ефестегі) халқына,1:1 Яки: Пауылдан Құдайға бағышталған (Ефестегі) (қасиетті) адамдарына (Флп 1:1; Түсіндірмедегі «Киеліні» де қараңыз). яғни Мәсіх Исаға адал сенетіндерге, дұғай сәлем. 2 Сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай берсін!

Құдайдың керемет құтқару жолы

3 Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі1:3 Бұл атау Құдай мен Мәсіхтің арасындағы мәңгілік рухани байланысты білдіреді. Түсіндірмедегі «Құдайдың рухани Ұлын» қараңыз. — Құдай мадақталсын! Ол бізді Мәсіх арқылы жарылқап, көктегі1:3 Яғни көзге көрінбейтін дүниедегі (1:20; 2:6; 3:10; Евр 8:5). әр қилы рухани игіліктерді сыйлады.1:3 Яки: әр түрлі игіліктерді Өзінің Киелі Рухы арқылы сыйлады.4 Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді. 5 Ол бізді Иса Мәсіхтің арқасында рухани балалары етуге алдын ала белгілеп қойды; Оның ізгі еркі осы болған. 6 Өзінің сүйікті рухани Ұлы арқылы бізге сыйлаған керемет рақымы үшін Құдай мадақтала берсін! 7 Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын 8 терең даналығымен және түсінігімен бізге молынан жаудырды. 9 Енді Ол бізге Өзінің құпия жоспарын — Мәсіхке байланысты алға қойған ізгі ниетін ашып берді. 10 Тәңір Ие мұны белгілі уақыты жеткенде іске асырып, бүкіл әлемді: көк пен жердегінің барлығын да біріктіріп, Бастығы ретінде Мәсіхтің билігіне тапсыратын болады.

11 Құдай ниет еткендерінің бәрін өз еркіне сай орындайды. Ол бізді Мәсіхпен байланысты өз халқы болуға1:11 Немесе: бізді Мәсіх арқылы мұрагерлер болуға. алдын ала таңдап алған еді. Бұл Құдайдың әуел бастағы мақсатына сәйкес болды. 12 Мұнымен Ол Мәсіхке басқалардан бұрын үміт артқан біздің (яғни яһудилердің) Өзінің ұлылығын мадақтауымызды көздеді. 13 Басқа ұлттық сендер де шындық туралы сөзді: өздеріңді құтқарған Ізгі хабарды естіп, Мәсіхке сенім артқанда Онымен тығыз байланысқа түстіңдер. Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі.1:13 4:30; Қор2 1:22.14 Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің1:14 Немесе: алатын мұрамыздың (еншіміздің). бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда1:14 Яғни Мәсіх қайта оралған кезде (Рим 8:11,23; Флп 3:20-21; Сал1 4:16-17). сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз. Осылай Тәңір Иенің керемет ұлылығы мадақталмақ.

Мәсіхтің ғаламат ұлы дәрежесі

15 Сол себепті мен сендердің Иеміз Исаға берік сеніп, Оның бүкіл халқын қатты сүйгендіктерің туралы естігендіктен, 16 мінажат еткен сайын сендер үшін ұдайы шүкірлік етемін. 17 Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы — салтанатты ұлылыққа ие Әке сендерге Өзін жақынырақ танып білулерің үшін Өзінің Киелі Рухы арқылы даналық пен терең түсінік берсе екен деп Одан тілеймін. 18 Ол көкірек көздеріңді оятып, рухани нұрға кенелтіп, өздеріңді қандай үмітке шақырғанын, яғни өз халқына қандай керемет игіліктер сыйлайтынын, білсеңдер екен деп сиынамын. 19 Сендер Құдайдың шексіз құдіретінің Иемізге сенуші біздерге қаншалықты күшті әсер ететінін ұқсаңдар екен деп те Одан сұраймын. Құдай осы керемет құдіретін 20 Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, көкке көтеріп, Өзінің оң жағындағы орынға отырғызғанда да қолданды. 21 Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және келешек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден1:21 Бұл биліктер мен атақ-дәрежелер осы дүниелік билеушілерді де, періштелер, «аруақтар» және жындардың басшылары сияқты табиғаттан тыс билік жүргізушілерді де қамтиды (6:12; Дан 8:16; 10:12-13,20-21; Евр 1:7; Аян 7:1-2,11; 8:2-3; 12:7-9). де әлдеқайда үстем. 22 Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. 23 Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі.1:23 4:12; Қол 1:18. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.1:23 Немесе: Мәсіх әр жердегі күллі нәрселерді толықтыратыны сияқты, қауымын да толықтырады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também