19 Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек2:19 Яки: не жат жұрттық, не кірме (2:12; Иш 14:1; 65:1). сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»! 20 Құдайдың рухани үйінің елшілер мен пайғамбарлар салған іргетасының үстіне сендер де «тірі тас» іспетті қаландыңдар. Осы «үйдің» ең негізгі және басты «Тасы»2:20 Немесе: «үй бұрышының басы» (Мат 21:42). — Иса Мәсіхтің Өзі. 21 Ол арқылы бүкіл рухани құрылыс (сенушілердің бәрі) біріктіріліп, Жаратқан Иеге бағышталған «киелі үй» болу үшін өсіп жатыр.2:21 Қор1 3:16-17; Евр 3:6.22 Осылайша сендер Иса Мәсіхтің арқасында «Құдайдың тұратын мекені» ретінде бірге қаланасыңдар. Құдай оны Өзінің Киелі Рухы арқылы мекендейді.
Publicidade