3 Біз де бұрын сондайлармен бірге болып, күнәкар болмысымыздың құмарлықтарына беріліп, ойымыз бен бойымыздағы тілектерімізді орындадық. Басқаларға сияқты бізге де Құдайдың қаһарының төгілетіні табиғатымыздан белгілі еді. 4 Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: 5 Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды.2:5 Демек, Құдай Мәсіхті қайта тірілткенінде Оған берген шынайы, мәңгілік өмірді енді сенушілерге де сыйлайды (Рим 6:5,8-11). Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар.
Publicidade