28 Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді.5:28 Ерлі-зайыптылар өзара соншалықты тығыз байланысқан.29 Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды. 30 Біздер Оның5:30 Немесе: Біздер Оның «тәні мен сүйегінен» жасалған (Жар 2:23). рухани денесінің мүшелеріміз. 31 «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады», — деп (Тауратта) жазылған.5:31 Жар 2:24.32 Осында терең сыр бар, мен мұны Мәсіхке және қауымға байланысты айтамын. 33 Бірақ ол сендерге де қатысты: әрқайсың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті.
Publicidade