Ата-ана мен балаларына өсиет
1 Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. 2 «Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: 3 «Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».6:3 Заң 5:16; Мыс 20:12.
4 Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!6:4 Яки: Ал, әкелер, балаларыңа шамасы келмейтін талап қойып, ашуландырмай, Иеміздің тәлімі мен нұсқауын беріп, тәрбиелеңдер!
Қожайын мен жалшыларына өсиет
5 Басыбайлы қызметшілер,6:5 Яки: Құлдар (Қол 3:22; Філимон. хатқа берілген мәліметті де қараңыз). Мәсіхке мойынсұнғандай, жер бетіндегі қожайындарыңа да шын жүректен мойынсұнып, жамандық жасаудан шошыныңдар! 6 Айтқандарын тек көңілдерінен шығу үшін, олар сендерді бақылап тұрғанда ғана емес, ұдайы жан-тәндеріңмен орындай беріңдер! Осылай Құдайдың еркін Мәсіхтің қызметшісі ретінде іске асырыңдар! 7 Сөйтіп қызметтеріңді адамға емес, Иемізге арнағандай ынтамен атқарыңдар.6:7 Қол 3:23; Қор1 10:31.8 Мейлі басыбайлы, мейлі ерікті болсын, әркімнің істеген игі істерінің лайықты сыйын Иемізден алатынын біліп қойыңдар.
9 Ал сендер, қожайындар, қызметшілеріңе осылай қарап, қатаңдықты жұмсартыңдар! Көкте олардың да, өздеріңнің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер. Ол ешкімнің бет-жүзіне қарамайды.6:9 Яки: қорқытуды қойыңдар! Көкте олардың да, өздеріңнің де Иелеріңнің бар екенін білесіңдер. Ол бәрін де әділ шешеді.
Әзәзіл шайтанның «әскеріне» қарсы рухани күрес
10 Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер! 11 Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! 12 Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі6:12 Яки: аспан астындағы. (Бізді қоршаған дүниеде көзге көрінбейтін рухтар бар: Құдайдың періштелері және шайтанға бағынышты зұлым рухтар — жындар: 1:21). зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. 13 Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.
14 Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп»,6:14 Яки: әділ өмір сүріп, «кеуделеріңе сауыт киіп» (Сал1 5:8). табанды тұрыңдар! 15 «Аяқкиімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар! 16 Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; 17 құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!6:17 Иш 59:17; Сал1 5:8.18 Киелі Рух арқылы6:18 Яғни Киелі Рухтың күші мен жетегінде (Жох 14:16; Рим 8:15-16,26-27). әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
19 Сөйлеген сайын Ізгі хабардың құпиясын қаймықпай жариялауыма қажетті сөз аузыма түссін деп, мен үшін де мінажат етіңдер! 20 Бұл хабарды жеткізуге жіберілген елші ретінде осы жерде бұғаудамын. Сондықтан оны тиісті түрде батыл жариялай алуымды Құдайдан тілеңдер.
Елшінің соңғы хабарлары мен ақ батасы
21 Сүйікті бауырымыз әрі Иеміздің адал қызметшісі Түхік6:21 Елш 20:4; Тит 3:12. менің жағдайым мен қызметім туралы білулерің үшін сендерге бәрін хабарламақ. 22 Түхікті сол мақсатпен жіберіп отырмын. Ол жағдайымызды білдіріп, жүректеріңді жігерлендірмек.
23 Лайым Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх барлық бауырластарға тыныштық, сүйіспеншілік және сенім сыйлай көрсін! 24 Иеміз Иса Мәсіхті шын беріле сүйгендердің бәріне Құдай жар болып, рақымын жаудыра берсін!6:24 Яки: Иеміз Иса Мәсіхті сүйгендердің бәріне Құдай рақымын әрі мәңгілік өмірді сыйлай көрсін!