12 Сол түні Мен Мысыр елін аралап, ондағы адамның да, малдың да тұңғыштарын құртып, Мысырдың барлық тәңірсымақтарын әшкерелеп соттаймын.12:12 Яки: барлық «тәңірлерінің» жалғандығы мен күшсіздігін әшкерелеп, оларды жазалаймын. Себебі Мен Жаратқан Иемін! 13 Жағылған қан сендердің отырған үйлеріңді көрсететін белгі болады.12:13 12:7,22-23. Сонда қанды көріп, соқпай өтіп кетемін. Мен Мысыр елін қырғынға ұшыратып жатқан кезде сендер бұл күйретіп жатқан соққыдан түгелдей аман қаласыңдар.
Publicidade