Pular para o conteúdo
Publicidade

Мысырдан шығу 18

17 Ал қайын атасы:

— Сенің бұлай істеуің жақсы емес. 18 Өзіңді де, жаныңдағы халқыңды да қажытасың. Бұл іс саған өте қиын, жалғыз өзің мұны орындай алмайсың. 19 Сол үшін де сөздеріме құлақ сал, саған ақыл-кеңес берейін, Құдай өзіңе жар болсын! Сен халқыңның Құдай алдында тұратын өкілі18:19 Яки: халқыңның Құдаймен екі арада жүруші уәкілі. болып, даулы мәселелерді Оған ұсын. 20 Еліңе Құдайдың ережелері мен заңдарын үйретіп, олардың жүруге тиісті тура жолын және атқаруға тиісті міндеттерін нұсқа.

21 Сонымен қатар бүкіл халықтың арасынан қабілетті бірсыпыра адамды таңдап ал. Олар Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын адал, әрі арам табыстан бойын аулақ ұстайтын болулары қажет. Солар мың, жүз, елу және он адамға басшылық жасап, 22 әрдайым халыққа төрелік етсін. Осы төрешілер бүкіл күрделі мәселелерді саған жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырсын. Сонда олар міндетіңнің жүгін бірге көтерісіп, саған жеңілірек болады. 23 Егер осыны істесең және Құдай бұйыртса, сен міндетіңнің қиындығына төтеп беріп, бұл халық та аманшылықпен жөндеріне кетеді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também