21 Сонымен қатар бүкіл халықтың арасынан қабілетті бірсыпыра адамды таңдап ал. Олар Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын адал, әрі арам табыстан бойын аулақ ұстайтын болулары қажет. Солар мың, жүз, елу және он адамға басшылық жасап, 22 әрдайым халыққа төрелік етсін. Осы төрешілер бүкіл күрделі мәселелерді саған жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырсын. Сонда олар міндетіңнің жүгін бірге көтерісіп, саған жеңілірек болады.
Publicidade