Pular para o conteúdo
Publicidade

Мысырдан шығу 2

5 Сол мезгілде перғауынның қызы шомылу үшін өзенге келеді. Күтуші қыздары су жағасында әрі-бері жүрумен болады. Қамыс арасынан себетті байқап қалған ханша бір күтуші қызын жұмсап, оны алдыртады. 6 Ханша себетті ашып, ішінде жатқан нәрестені көреді. Сол ұл бала жылап жатыр екен. Ханша оны аяп кетіп:

— Бұл — исраилдік нәресте ғой, — дейді. 7 Сонда сәбидің әпкесі тығылып отырған жерінен шығып:

— Мен барып, бөбекті емізу үшін сізге бір исраилдік әйелді шақырып алып келейін бе? — деп сұрайды. 8 Ханша:

— Иә, бара ғой, — дейді. Қыз барып, нәрестенің шешесін алып келеді. 9 Ханша оған:

— Мына нәрестені ал, оны менің орныма емізетін боласың. Сол үшін ақыңды төлеймін, — деп бұйырады. Әйел бөбекті емізіп асырау үшін үйіне алып кетеді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também