Pular para o conteúdo
Publicidade

Мысырдан шығу 20

Құдайдың тапсырған Он өсиеті

1 Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты:

2 «Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.

3 Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!

4 Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!

5 Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін.20:5 Яки: сенің Құдайың Жаратқан Иемін, қызғаншақ (яғни Маған адал болуыңды талап ететін) Құдаймын (34:14; Заң 4:24; 5:12). Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, 6 ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына20:6 Яғни мыңыншы буынына. дейін рақымымды төгемін.

7 Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!

Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз20:7 Мысалы, жалған ант беру не сиқырлық жасау арқылы. Немесе: бекерге. қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.

8 Демалыс күнін20:8 Яки: Сенбі күнін (20:10; 23:12). Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол!

9 Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, 10 ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! 11 Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.20:11 Жар 2:2.

12 Ата-анаңды сыйла!

Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.

13 Кісі өлтірме!

14 Неке адалдығын бұзба!

15 Ұрлық жасама!

16 Ешкімді бекерге айыптама!20:16 Яки: Маңайыңдағы адамға қарсы жалған куәлік берме! Немесе: Басқа адамға өтірік айтпа!

17 Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!

Оның әйеліне, құл-күңіне,20:17 Яки: қызметшілеріне (20:10). өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!»

18 Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Содан олар зәрелері ұша дірілдеп кетті. Халық алыстан тұрып, 19 Мұсадан:

— Бізбен өзіңіз сөйлесіңіз, ал біз тыңдайтын боламыз. Құдай бізбен тікелей тілдесе көрмесін, әйтпесе құрып кетерміз, — деп өтінді. 20 Мұса халыққа:

— Қорықпаңдар! Құдай сендерді (Өзінің араларыңда болуына) үйрету үшін20:20 Немесе: сендерді сынау үшін. осында келді. Бұдан былай Оны әрдайым шын жүректен қастерлейтін болыңдар! Бұларың сендерді күнә жасаудан сақтайтын болады, — деді.

21 Содан халық алыста қалып, ал Мұса Құдай тұрған қою қараңғылыққа қарай беттеді.

Құдайға арналған құрбандық орны

22 Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:

— Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Көктен сендерге тіл қатқанымды өздерің көріп-естідіңдер. 23 Алтын-күмістен тәңір бейнелерін жасап алып, Менімен қатар қоймаңдар!20:23 (20:3-5; 32:1-4; Заң 29:17) Яки: Менімен теңестірмеңдер.

24 Маған арнап топырақтан құрбандық орнын салыңдар. Ұсақ әрі мүйізді ірі қара малдарыңнан құрбандық шалып, кейбіреулерін құрбандық орнының үстінде тұтасымен өртеп Маған ұсыныңдар. Ризашылық құрбандықтарының белгілі бөліктерін де соның үстінде өртеп ұсыныңдар.20:24 Леу 1:3. Мен өз атымды атап, дәріптеулеріңе рұқсат еткен әрбір орында солай істеңдер. Сонда Мен қастарыңа келіп, өздеріңді жарылқаймын.

25 Егер Маған арнап құрбандық орнын тастардан қаластырып салсаң, тастары қашалмаған болсын. Себебі егер қашауды қолдансаң, оны арамдайсың. 26 Сондай-ақ жалаңаш тәнің көрінбес үшін құрбандық орныма баспалдақпен көтерілме.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também