3 Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!
4 Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!
5 Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін.20:5 Яки: сенің Құдайың Жаратқан Иемін, қызғаншақ (яғни Маған адал болуыңды талап ететін) Құдаймын (34:14; Заң 4:24; 5:12). Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, 6 ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына20:6 Яғни мыңыншы буынына. дейін рақымымды төгемін.
7 Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!
Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз20:7 Мысалы, жалған ант беру не сиқырлық жасау арқылы. Немесе: бекерге. қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.
8 Демалыс күнін20:8 Яки: Сенбі күнін (20:10; 23:12). Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол!
9 Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, 10 ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! 11 Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.20:11 Жар 2:2.
12 Ата-анаңды сыйла!
Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.
13 Кісі өлтірме!
14 Неке адалдығын бұзба!
15 Ұрлық жасама!
16 Ешкімді бекерге айыптама!20:16 Яки: Маңайыңдағы адамға қарсы жалған куәлік берме! Немесе: Басқа адамға өтірік айтпа!
17 Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!
Оның әйеліне, құл-күңіне,20:17 Яки: қызметшілеріне (20:10). өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!»