13 Ал Мұса Құдайға:
— Енді мен исраилдіктерге барып, «Мені ата-бабаларыңның Құдайы сендерге жіберді» десем, олар менен «Оның есімі кім?» деп сұрайды ғой. Сонда не деп жауап беруім керек? — деген сұрақ қойды. 14 Құдай оған былай деп жауап қатты:
— Мен (Мәңгі) Бар Болушымын.3:14 Немесе: Мен кім болсам (мәңгі) Сол боламын. Яки: Мен (мәңгі) Өзім болып қала беремін; Мен сендерге Жар Болушымын; Мен Жаратқан Иемін. Исраилдіктерге: «(Мәңгі) Бар Болушымын деген мені сендерге жіберді» деп айт. —