Шеберлердің тағайындалуы
1 Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
2 — Біліп ал: Мен Яһуда руынан шыққан Һұрдың немересі, Ұри ұлы Беселиелді арнайы таңдап алдым. 3 Оны Құдай Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойдым.31:3 35:31; Жар 41:38; Пат1 7:14.4 Оған алтын, күміс, қола бұйымдарға көркем өрнектер жасауға, 5 асыл тастарды қашап өңдеп, жиектемеге қондыруға, ағаш кесіп, жонып, оюлап әшекейлеуге және кез келген көркем өнер жұмысын істеуге қабілет бердім.