Келісімнің қайтадан жасалуы
10 Бұған Жаратқан Ие былай деді:
— Міне, Мен сендермен Келісім жасамақпын: халқыңның көз алдында бұған дейін жер бетінде ешбір ұлттың арасында болып көрмеген кереметтерді жүзеге асырмақпын. Өзің бірге тұрып жатқан бүкіл халқың Мен — Жаратқан Ие сендер үшін жасайтын, үрей туғызатын ғажап істерді көретін боласыңдар.