11 Бірақ перғауын өзінің білімпаздары мен сиқыршыларын алдыртты. Сонда Мысырдың абыздары7:11 Яки: бақсы-балгерлері (Жар 41:8). да сиқыршылықтарымен дәл солай істеді. 12 Әрқайсысы таяғын жерге лақтырып, жыланға айналдырды. Бірақ Һаронның жыланға айналған таяғы олардың жылан таяқтарын жұтып қойды!
Publicidade