9 Мен Оған сиынып, былай деп тілеп отырмын: сендердің сүйіспеншіліктеріңмен қатар жан-жақты рухани білімдерің мен көрегендіктерің бұдан да арта берсін. 10 Соның нәтижесінде әр жағдайда ненің ізгілікті екенін ажырата білсеңдер екен деймін. Осылай сендер Мәсіх қайта оралар күні мінсіз пәк болып, 11 Иса Мәсіхтің көмегімен молынан әділ іс-әрекеттер жасап келген боласыңдар.1:11 Немесе: Иса Мәсіх арқылы құтқарылғандықтарыңның жемісі — әділ мінез-құлыққа кенелген боласыңдар (Ғал 5:22-23). Содан Құдайдың ұлылығы көрініп, мадақталмақ.
Publicidade