Pular para o conteúdo
Publicidade

Ғалаттықт. хат 2

Пауылдың Петірге қарсы шығып, қауымдағы бірізділікті қорғауы

11 Бірақ Петір Антақияға келген соң, оған ашық қарсы шығуым қажет болды. Өйткені оның қылығы айыптауға тұрарлық еді: 12 алғашқыда Петір сүндеттелмеген басқа ұлттық сенушілермен дастарқандас болып жүрген еді. Алайда (Иерусалимдегі қауымның жетекшісі) Жақыптан бірқатар яһудилер келгеннен кейін, Петір басқа ұлттық сенушілерден тартыншақтап, алшақтай бастады. Себебі ол сүндеттеуді талап ететін әлгі яһудилер жақтырмай жүрер деп қаймықты. 13 Петірмен бірге қауымдағы басқа яһудилер де сондай тұрақсыздық2:13 Яки: екіжүзділік. танытты. Тіпті Барнаба да оларға еріп адасып кетті. 14 Мен солардың Ізгі хабардың шындық жолынан тайып кеткендіктерін көргенде, бәрінің алдында Петірге тіл қатып былай дедім: «Сіз яһуди болсаңыз да, яһудилердің дәстүрлерін орындамай, бірге тұрған басқа ұлттық сенушілер сияқты өмір сүріп келдіңіз. Енді қалайша бұл сенушілерді яһуди дәстүрлерін ұстануға зорламақсыз?!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também