Құдайдың құлы емес, Оның рухани баласысыңдар
26 Өйткені барлығың Иса Мәсіхке деген сенімдерің арқылы Құдайдың рухани баласысыңдар. 27 Мәсіхпен тығыз байланысып, шомылдыру рәсімінен өткен3:27 Рим 6:3-11; Қор1 12:13. бәрің де Мәсіхтің рухани қасиеттеріне бөлендіңдер. 28 Бұл жерде яһуди мен басқа ұлт адамының, құл мен еріктінің, еркек пен әйелдің арасында айырмашылық жоқ, себебі барлығың Иса Мәсіхпен тығыз байланыста біртұтассыңдар.3:28 Рим 10:12; Қор1 12:12-13; Еф 2:14-18.