Мәсіх жолындағы еркіндік жүгенсіздік емес, ізгілік туындатады
13 Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер! 14 Бүкіл Таурат заңын орындау мына бір бұйрыққа саяды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды5:14 Яки: басқаларды (өмір жолында Құдай саған кездестірген адамдарды) (Леу 19:18; Мат 19:18). да солай сүй!»