16 Ал мен былай деймін: Киелі Рухтың күші мен жетегінде өмір сүріңдер, сонда ескі күнәкар болмыстарыңның қалауы іске аспайды.5:16 5:22; Рим 8:2-5,9,13-15.17 Өйткені ескі болмысымыздың қалауы Киелі Рухқа қарсы, әрі Рухтың қалауы ескі болмысымызға қарсы. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы, сондықтан игі ниеттеріңді жүзеге асыра алмайсыңдар.5:17 (Рим 7:15-25; 8:5-9) Немесе: сондықтан өз ниеттерің бойынша әрекет ете алмайсыңдар.
Publicidade