Құдайдың Ыбырамды таңдап алып, сол арқылы барлық халықтарды жарылқауы
1 Жаратқан Ие Ыбырамға12:1 11:26-ге берілген түсініктемені қ. сөзін арнап былай деп бұйырған еді:
«Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш!
2 Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын,
Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын.
Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады.
3 Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын,
Ал кім сені жамандап қарғаса, соны Мен қарғаймын.
Сен арқылы жер бетіндегі бар ұлттар12:3 Яки: барлық әулеттер. жарылқанады».