18 Сол кезде Жаратқан Ие Ыбыраммен Келісім жасап:
— Мен сенің үрім-бұтағыңа Мысырдың шетіндегі өзеннен бастап үлкен өзен — Евфратқа дейін жайылған осы елді беремін. 19 Онда кендіктер, кеназдықтар, қадмондықтар, 20 хеттіктер, перездіктер, рафалықтар, 21 аморлықтар, қанахандықтар, гергестіктер және ебустіктер тұрып жатыр, — деді.