6 Ыбырам:
— Күңің өз қолыңда, не істеуді дұрыс десең, соны істе, — деп жауап берді. Содан Сарай Ажарға қысымшылық көрсете бастады. Сол себептен Ажар оның қасынан қашып кетті.
7 Жаратқан Иенің періштесі Ажарды иен даладағы бір су көзінің қасынан: Шурға16:7 Шур: Мысырдың шекарасындағы аймақ (25:14). баратын жолдағы құдық басынан тауып алды. 8 Періште оған тіл қатып:
— Сарайдың күңі Ажар, қайдан келе жатырсың, қайда бет алдың? — деп сұрады. Ол:
— Мен қожайыным Сарайдан қашып келе жатырмын, — деген жауап берді.