21 Сонда Құдай Ие адамды терең ұйқыға батырып, ұйықтап жатқанда оның бір қабырғасын2:21 Немесе: бір бүйірін. алып, соның орнын етімен жауып тастады. 22 Құдай Ие осы қабырғадан әйел жасап шығарып, оны адамға алып келді.
23 Риза болған адам былай деді:
«Міне, бұл — сүйек, өз сүйегімнен шыққан,
Әрі тән, өз тәнімнен шыққан!
Ол әйел2:23 Түпнұсқадағы иша («әйел») деген сөз иш («еркек») сөзіне ұқсас айтылады. деп аталатын болсын,
Себебі ол еркектен алынып жасалған».