Pular para o conteúdo
Publicidade

Жаратылыстың баст. 27

Жақыптың нағашы ағасына қашып баруы

41 Есау сол кезден бастап Жақыпты әкесінен алдап алған батасы үшін жек көрді. Ол өз-өзіне: «Көп ұзамай әкем дүние салып, жоқтау айтатын уақыт келер. Содан кейін Жақыптың көзін құртамын», — деді.

42 Үлкен ұлының бұл сөздері Рабиғаның құлағына шалынды. Сонда ол кенжесін шақырып алып: «Ағаң Есау кек алып сені өлтірмекші. 43 Сондықтан айтқанымды тыңда: тез жолға жиналып, Харандағы туған ағам Лабанға27:43 11:31; 12:4-5; 24:29-30,60. қашып кет. 44 Ағаң Есаудың ашуы басылғанша сол жерде біраз қала тұр. 45 Кейінірек ол сенің өзіне істегеніңді ұмытып, ашуы қайтқаннан кейін біреуді жіберіп, сені шақыртып аламын. Мен бір күнде екі ұлымнан бірдей айырылып қалар жайым жоқ!» — деді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também