15 Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың»,3:15 Бұдан былай адамзат «жыланмен» (яғни әзәзіл шайтанмен) жауласатын болды. Бірақ кейін әйелдің Ұрпағы (пәк қыз Мәриямның Ұлы) Иса Мәсіх шайтан билеген адамдардың қолынан өлгенде-ақ шайтанды біржола жеңіп шықты (Мат 1:18-23; Жох 12:31-32; Аян 20:2,10). — деді.
Publicidade