Құдайдың күнәкарларды құртып, Нұх пайғамбарды құтқаруға шешім қабылдауы
1 Адамдар жер бетінде көбейе бастап, қыздары да көптеп туылғанда, 2 өздерін Құдайдың ұлдарымыз деп есептейтін билеушілер6:2 (4:19,22-23) Немесе: құдайшылдар. Яки: Құдайдың ұлдары. (Осы атау Сеттің Құдайға бағынған ұрпақтарын, ал «адамдардың қыздары» Қабылдан тараған құдайсыз қыздарды білдіруі де мүмкін: 4:17-26.) адамдардың қыздарының сұлу, бойшаң екенін көріп, таңдап алғандарына үйлене беретін. 3 Сонда Жаратқан Ие: «Енді Менің Рухым әрдайым адам үшін арпалысқа түспейді, себебі адам әбден бүлінген.6:3 Немесе: Енді Менің Рухым адам бойында сонша ұзақ уақытқа қалмайтын болады, себебі оның тәні ажалды. Сондықтан ол бұдан былай жүз жиырма жыл ғана өмір сүрсін», — деді.6:3 6:5-8; 7:11-12,22-23; Пет1 3:20.
4 Сол кезде де, содан кейін де өздерін Құдайдың ұлдарымыз деп есептейтін билеушілер адамдардың қыздарымен жақындасып, олардан бұзақы алыптар туған болатын; бұлар өткен заманда ел танып білген батырлар еді.
5 Жаратқан Ие адамдардың жер бетінде әбден азғындыққа салынғанын көрді: олардың жүректеріндегі барлық ой-ниеттері әр уақытта зұлымдыққа бейім болды. 6 Сонда Жаратқан Ие жер бетінде жаратып шығарған адамдардың осындай күнәлі болып кеткеніне6:6 Немесе: Тәңір Өзінің жер бетінде адамдарды жаратқанына (Рул 23:19; Жыр 77:39-41; Иш 63:10; Мар 3:5; Еф 4:30). қайғырып, қасірет шекті. 7 Сондықтан Ол: «Мен Өзім жаратқан адамды да, онымен қоса малдарды, бауырымен жорғалаушыларды және аспандағы құстарды да жер бетінен құртып жібермекпін. Өзім жаратқандардың күнәкарға айналғандарына6:7 Немесе: Оларды жаратқаныма. қайғырамын», — деді. 8 Жаратқан Иенің рақымына тек Нұх қана ие болды.
9 Мынау Нұхтың шежіресі:
Нұх замандастарының арасында әділ де кінәратсыз, Құдаймен тығыз байланыста жүрген адам еді.