13 Сонда Ол Нұхқа үн қатып, былай деді: «Мен күллі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын. Жер беті солардың кесірінен зұлымдыққа толды, сол себепті оларды жермен қоса құртып жіберемін. 14 Сен мықты ағаштан6:14 Яки: (шайыры мол, қарағай тұқымдас) кипарис ағашынан. Немесе: гофер ағашынан. сандық тәрізді кеме тұрғыз, оны бірнеше бөлімдерден тұратын етіп жасап, іші-сыртын қара шайырмен майла. 15 Оны былай жаса: ұзындығы үш жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақ болсын. 16 Кеменің үстіне шатыр тұрғыз. Ішін ойып, терезелер жаса, оларды ең жоғарғы жерінде бір шынтақ етіп айналдыра орналастыр.6:16 Немесе: шатыр мен қабырғалардың аралығы бір шынтақ болсын. Ал есігін бүйірінен шығар. Кеменің төменгі, ортаңғы, жоғарғы қабаттары болсын.
Publicidade