14 Құдайға арнап ораза ұстайтын уақытты белгілеңдер!1:14 Халық басына пәле түскен кездері ораза ұстап Құдайға жалбарынатын (Бил 20:26; Жүн 3:4-5). Салтанатты жиналыс жариялап, елдің ақсақалдары мен басқа да тұрғындарын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне жинап алыңдар! Иемізді көмектесуге жалбарына шақырыңдар!
Publicidade