13 Қайғыларыңды білдіру үшін тек киімдеріңнің өңірін жыртып қана қоймаңдар, істегендеріңе шын жүректен өкініңдер! Құдайларың Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Өйткені Ол рақымды да қайырымды, тез қаһарланбайды, берік мейірімі мол, әрі жазалаймын деген райынан қайтуға дайын.2:13 Жар 37:34; Жыр 33:19; 50:19; Иш 57:15; Мыс 34:6; Ерм 18:8; Амо 7:3.
Publicidade