20 «Жаратқан Ие мынаны айтады: Егер де Менің күн мен түн жайлы Келісімімді бұзып, оларды енді қайтып өз белгілі уақытында болмайтын қыла алсаңдар,33:20 33:25.21 сонда ғана Менің қызметшім Дәуітпен жасаған Келісімім біржола күшінен айырыла алар еді, әрі Дәуіттің тағында отырып патшалық құратын өз ұрпақтары болмас еді. Солай болғанда ғана Менің алдымда қызмет атқарып жүрген леуілік діни қызметкерлермен жасаған Келісімім де біржола күшінен айырыла алар еді.
Publicidade