Pular para o conteúdo
Publicidade

Ешуа 1

7 Ендеше қайратты да өте батыл болып, қызметшім Мұса саған тапсырған барлық Таурат заңын1:7 Яки: барлық тағылымды. сақтап берік ұстанатын бол! Сол заңды орындаудан оңға да, солға да бұрылма! Солай істесең, қайда барсаң да, табысты боласың. 8 Осы Таурат заңы кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуың үшін оларды аузыңнан тастамай, күні-түні оқып, солар туралы ойланатын бол! Сонда ғана өркендеп табысты боласың. 9 Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também